АРАЛАС ЗАҚЫМДАУ

lat: ARALAS ZAQYMDAÝ

оқ-дәрі жарылысының бірнеше зақым алу факторының адамға, әскери техникаға, құрылыстар мен материалдық құралдарға бір уақытта әсер етуінің нәтижесі. Кәдімгі оқдәрі жарылғанда аралас зақымдау жарқыншақтың, соққы беретін толқынның және жылу энергиясының, күйдіргіш бомбалар мен снарядтардың іс-әрекетінен, бұдан басқа күйдіргіш заттардың жану энергиясынан пайда болады. Осының нәтижесінде жеке құрам жарақат, контузия, күйік алуы, ал техника мен құрылыстар бүлінуі, қирауы, еруі, шала күюі және жануы мүмкін. Ең қатты аралас зақымдау ядролық жарылыста орын алады (Ядролық қарудың зардаптарын қараңыз).